Елордада 15 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Сағат 9.00-де № 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Астана медицина университеті» мен «Жұқпалы аурулар дәрігерлері қауысдастығы» ұйымдастырған «№1 Club of young, scientistd and infectiologists» атты жас ғалымдардың пәнаралық конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де «Парасат» БО-да Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес өтеді.

Сағат 11.00-де Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен кездеседі.

11.00-де этнограф Әйгерім Мұсағажинова «қазақы ас: дәм мен дәстүр» кітабының тұсаукесерін өткізеді. Мекен-жайы: Абай даңғылы, 22, QazaqGeography ғимараты.

Сағат 11.00-де Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағымен бірлесіп, БАҚ өкілдеріне арналған көшпелі брифинг өткізеді. Брифинг барысында құтқарушылар ойықтарда шомылуға қатысты қағидаларды түсіндіреді, ал сүңгуір-құтқарушылар іс жүзінде көрсетеді. Сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығы алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-қимылдарды көрсетеді.



Соңғы жаңалықтар