Елордада 108 ұйым Ashyq көшбасшысы тізіміне енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала әкімдігі «Ashyq көшбасшыларының» тізімін жариялады. Екі апталық статус ұйымдар үшін қосымша жеңілдік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Көшбасшылар тізіміне әуежай, вокзалдардан бастап сауда нүктелеріне дейін 108 ұйым кірді.

Айта кетейік, «Ashyq көшбасшысы» статусын берілетін тізімді әкімдік жасақтайды. Олар жобаға қатысатын нысандарда (2 апталық кезеңде) QR код (check-in) арқылы келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерге сәйкес іріктеледі.

«Ashyq көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушы «қызыл» аймақта «сары» аймақтың, «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады, «жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушылардың жұмыс режимі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Егерде медициналық қарсы көрсетілімі бар және соңғы 3 ай көлемінде ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда қызметкерлердің кемінде 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, нысанның толтырылуы 20%-ға артады.

Бүгінгі таңда Ashyq жобасына 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі кірді.
Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Егерде кемшілік анықталса олар тізімнен шығарылады.


Соңғы жаңалықтар