Елордада 10 млн архив құжатын сақтайтын қойма салу керек - министр
«Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық архивінің архив құжаттарын, сондай-ақ мемлекеттік сақтандыру қоры құжаттарының көшірмелерін сақтауды жүзеге асыратын, 10 млн құжат сақтауға арналған жеке архив қоймасын салу мәселесі қарауды талап етеді»,- деді ол.
Оның атап өтуінше, архивтердің жүктелу проблемасын шешу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылғы желтоқсанда құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетіне 200, 500 мың, 1 млн және 1,5 млн сақтау бірлігіне арналған мемлекеттік архивтік үлгілік ғимараттарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге өтінім берген.
«Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылғы 11 наурызда Мәдениет және спорт министрлігінің өтінімі негізінде мемлекеттік архивтер ғимараттарының үлгілік жобаларын әзірлеу үшін 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтінім қалыптастырды. Республикалық бюджеттік комиссия өтінімді мақұлдаған жағдайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы заңның белгіленген талаптарына сәйкес архив ғимаратының үлгілік жобаларын әзірлеуге дайын», - деді Ақтоты Райымқұлова.