Елордада 1,5 мың медицина қызметкері сыйақы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина мамандарына сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен күресіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлеріне сыйақы берілді. Елбасының тапсырмасына бойынша «Біз біргеміз« қорынан коронавируспен ауырған пациенттермен тікелей байланыста жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша қаражат бөлінді», - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен көлікпен қамтамасыз етілді. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Көлікті CTS компаниясы ұсынды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында медицина қызметкерлеріне жалақымен қоса, ай сайын үстемеақы беріліп отырады. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 ай бойы жүргізіледі:

«Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ), 850 мың теңге).

«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды.

«Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ (212,5 мың теңге) құрайды.


Соңғы жаңалықтар