Елорда жолдарында таксиге арналған арнайы орындар жабдықталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында автобус аялдамаларына жақын жерде таксиге арналған тұрақтар пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция департаменті елорда әкімдігімен бірлесіп автобус аялдамаларына жақын көшелердің 11 учаскесінде таксилерге арналған тұрақ орындарын жасақтау жұмыстарын ұйымдастырды. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 31 учаскеде ресми таксилерге арналған аялдамаларды жасау жоспарлануда», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мәлім етілгендей, бұл шаралар апатты жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, аталған шаралар таксиді тоқтату мақсатында адамдардың жолдың жүріс бөлігіне шығуын болдырмау үшін көзделген.

Бұл ретте, Полиция департаментімен қалада жолдарды салу бойынша 10 жоба қаралып, келісілген. Олардың барлығында таксиге арналған тұрақтар (барлығы 407 орын) болады.


Соңғы жаңалықтар