Елорда жатақханада тұрып жатқан мұғалімдер үшін аренда құны төмендетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов жаңадан салынған жатақханаларда мұғалімдердің қалай өмір сүретінімен және білім беру нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланы кешкілік аралау кезінде елорда әкімі № 40, № 8 және № 60 мектепке барды. Олардың аумағында жаңа білім нысандары болады. Мектептерде салынып жатқан жаңа ғимараттар үш ауысымды оқытудан екі ауысымды оқытуға көшуге мүмкіндік береді. Мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетеді және жаңа оқушы орындарымен қамтиды. Тапсыру мерзімі 2020 жыл.

Сондай-ақ, қала әкімі жаңа жатақханада тұратын ұстаздармен кездесті. Жас мұғалімдердің өмір сүруіне арналған ыңғайлы орталық биыл күзде ашылды, 350 орынға шақталған.

Орталықта шахмат, үстел теннисі, кітапхана, асхана және оқу сыныптары бар. Кездесу барысында мұғалімдер елорда әкімінен 17 мың теңгені құрайтын жалдау құнын төмендетуді сұрады. Алтай Көлгінов бұл бастаманы қолдады.

Соңғы жаңалықтар