«Elorda zhastary» тұрғын үй бағдарламасымен 150 несие берілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Elorda zhastary» бағдарламасы аясында жастарға жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыс істейтін жастарға арналған «Elorda zhastary» жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау қазан айында басталды. Бүгінгі таңда 150 несие берілді», - дейді онлайн брифингіде қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастарға 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.

Шарттар келесідей:

- пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5%;
- бастапқы жарна – 10%;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Бұдан бөлек, астанада 3 жылдан бері тағы бір бағдарлама іске асырылып келеді. Ол – жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жобасы. Биыл бағдарлама бойынша 4 863 өтінім түссе, берілген пәтерлер саны – 1050. Іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушілердің отбасы құрамына қарай жүргізілді.

Айта кетейік, бүгінде елордадағы жастар саны – 232 065. Қаланың 15 жоғары оқу орнында 62 788 студент (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алып жүр. Жұмыс істейтін жастар саны – 133,2 мың.


Соңғы жаңалықтар