«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы наурыз айында басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – елорда жастарын толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының да, қала басшылығының да назарында. Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы сияқты елордада «Елорда жастары» бағдарламасы жүзеге асырылады», - деді Жансұлтан Матай тілшілер сұрағына берген жауабында.

Спикер бұл жобаны жергілікті атқарушы органдар қаржыландыратын болғандықтан, банк пен әкімдік арасындағы келісімге әлі қол қойылмағанын айтты. Бірақ әкімдік бұл бағытта жұмыс істеп жатыр.

«Осы жылдың бірінші тоқсанында аталған мәселе бойынша мәслихат отырысы өтуі керек. Нақты күнін айта алмаймын, бірақ наурыз айында осы бағдарлама басталады деп айтуға болады», - дейді Жансұлтан Матай

Айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылғы кезеңнен 17% жоғары.

Бұған дейін «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттай ма?» деген сұраққа жауап берген еді.



Соңғы жаңалықтар