«Елорда жастары сыйлығының» жеңімпаздары үшін дауыс беру жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан жастары арасындағы «Елорда жастары сыйлығы» жобасына өтінімдер қабылдау аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан жастарынан барлығы 1 мыңға жуық өтінім түскен. Жабық комиссия отырысында әр номинация бойынша үш үміткерден іріктеп алынды.

Жеңімпаздарға дауыс беру 6-26 қараша аралығында өткізіледі. Ол үшін elordajastary2019.kz сайтында тіркеліп, электрондық поштаға келген сілтеме арқылы үміткерге дауыс беру қажет. Дауыс беруге 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Әр номинация бойынша тек бір үміткерге, яғни жалпы саны 15 үміткерге дауыс беруге мүмкіндік бар. Онлайн-дауыс беру құпия түрде жүзеге асырылады.

Айта кетейік, жаңадан қосылған «Ұлттық өнер» және «Үздік жастар театры» бойынша келіп түскен өтінімдер саны көп болғандықтан комиссия мүшелері 4 үміткерге, «Үздік студент» номинациясы бойынша 5 үміткерге мүмкіндік беруді жөн деп тапты. Бұлардан басқа «Ғылым», «Спорт», «Эстрада», «Кино және театр», «Өндірістің үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік қызметкері», «Қазіргі заманғы шығармашылық өнер», «Жас кәсіпкер», «Жыл волонтері», «Үздік мемлекеттік қызметші» аталымдары бойынша үздіктерді марапаттау жоспарлануда.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсанда «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді.

Жобаның ұйымдастырушысы – елордалық Қоғамдық даму істері басқармасы.

Соңғы жаңалықтар