Елорда полициясы сәні мен салтанаты келіскен тойдың өтуіне тосқауыл қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 90-ға жуық қонақ болған үйлену тойын ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сенбі күні «102» пультіне қала тұрғындарының бірі хабарласып, «DiLu Plaza» мейрамханасының карантин режимін бұзып жатқандығын айтқан. Тексеру барысында аталған факті расталды. «DiLu Plaza» мейрамханасында сәні мен салтанаты келіскен той шамамен 90 қонақтың қатысуымен өтіп жатқан.

Полиция қызметкерлері мерекені ұйымдастырушылар «төс қағыстыру» рәсімін өткізу сәтіне тап болды. Шараны ұйымдастырушы 47 жастағы әйел мен мейрамхананың 37 жастағы әкімшісі карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті карантин шараларының күшейтілгендігін еске салып, азаматтарға режим бұзғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатындығын ескертіп отыр.


Соңғы жаңалықтар