Елорда полицейлері қызметі барысында қаза тапқан тәртіп сақшыларының аналарымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғыс айту күніне орай Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің аналарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызсметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Евгений Кретаның анасы – Ольга Вербина және Сергей Павловтың анасы- Ольга Павлованың үйіне барып алғыс айтты. «Елордалық департамент қаза тапқан қызметкерлердің туған-туысқандары мен жақындары туралы және құқықтық тәртіпті сақтауда олардың жасаған ерлік істерін ешқашан ұмытпайды. Өйткені олардың ұлдары қызметтік міндеттерін орындау барысында өз өмірлерін қиды», делінген хабарламада.

1997 жылы 19 сәуірде Евгениий Крета мен Сергей Павлов екеуі бірге суға батып бара жатқан төрт баланы құтқармақшы болып, Есіл өзеніне түскен. Олар батып бара жатқан балаларға тез жетіп, екі рет жағаға шығаруға тырысқан. Бірақ мұздай ағын су алты адамның өмірін қиып кетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен марқұмдар - Евгений Крета және Сергей Павлов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Департамент басшысы лайықты ұлдарды тәрбиелеп өсірген және ұстамдылық пен батылдықтың үлгісі болған ерліктері үшін аналарға ерекше алғыс білдірді.

Сонымен қатар, ол аналарды келе жатқан 8-наурыз мерекесімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық тіледі және департамент тарапынан қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар