Елорда мешіттерінде жұма намаз оқуға рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша мешіттерде жұма намазын өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда мешіт, шіркеу, собор, синагога сияқты діни бірлестік объектілерінің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілетіні айтылған.

Ол үшін нақты жұмыс кестесі мен күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шаралар сақталуы керек.

Мешіттерде сақтық шараларын қатаң сақтау арқылы «жұма намазын» өткізуге рұқсат беріліп отыр.

Ал діни ғимарат жанындағы Ashyq жобасына қатысатын тамақтану орындарында еске алу шараларын өткізу үшін келушілер саны 30 адамнан аспауы керек.

«Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақталмаса, «жұма намаз», күнделікті православиелік дұға сияқты ұжымдық діни шаралар өткізуге тыйым салынады. Діни бірлестіктер объектілерінің жанында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30-дан аспайтын адаммен еске алуды өткізуге рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар