Елорда мерекесімен фин-угор халқы жеті тілде құттықтады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қалалық демалыс және мәдениет саябағы Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін «Бір отбасында өмір сүреміз» жазғы фестивалінің қатысушыларын қарсы алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаз бойы сенбі және жексенбі күндері этномәдени бірлестік өзінің мәдениеті мен шығармашылығы, әдет-ғұрпы туралы баяндайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағына фин-угор орталығы өздерінің бағдарламасын ұсынды.
null

«Марица, мордва, эстон, удмурт және тағы басқа 300-ден астам адам бірлестікке кіреді. Облыс бойынша Успен және Тереңкөл аудандарындағы филиалдармен бірге фин-угор этномәдени бірлестігі өкілдерінің саны 2000-нан астам»,- дейді бірлестік жетекшісі Ольга Николашина. Фин-угор халқына 29 ұлт пен ұлыс өкілдері жатады. Ақсу қаласынан биыл 35 жылдық мерейтойын атап өткен орыс әндері хоры келді.
null

Шара барысында тұрғындарға сәбіз, қызылша, картоп, саңырауқұлақ қосылған бәліштер мен мордва квасы ұсынылды. Астананың туған күніне фин жүрісін жақсы көретін жеті зейнеткер өзінің марш-лақтырысын арнады. Олар жағалаудан бастап, өзен порты арқылы қалалық саябаққа жетті. Павлодар әкімдігі «Денсаулыққа жол» скандинав жүрісі студиясының жетекшісі Татьяна Щетининаны Құрмет грамотасымен марапаттады. 72 жастағы Наталья Перепелица Сарапул удмуртск қаласында дүниеге келген, тың игеру толқынында 60-шы жылдары анасымен бірге Павлодар қаласына қоныс аударған. Павлодарда мектепті, институтты бітіріп, тұрмыс құрған. Биыл жолдасымен бірге «алтын» тойларын атап өтеді.
null

«Удмурт костюмдері торлы матадан тігіледі,» - дейді ол. «Әйелдер монистонын мойнына киеді, онымен бас киімін де безендіре алады. Алжапқыш - костюмнің міндетті атрибуты, кейбіреуі екі алжапқыш киеді».

null

Соңғы жаңалықтар