Елорда мен бірқатар өңірде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қаңтар түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ сақталады.

Түркістан облысында да тұман түседі.

29 қаңтар түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей аймақтарда бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде 23-28 м/с жетеді.

Өскемен және Семей қалаларында да боран соғып, батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с дейін күшейеді.

29 қаңтар Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ертең түнде Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.


Соңғы жаңалықтар