Елорда мен Алматыда күшейтілген карантин режимі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің күшейтілген режимі күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, кеше Мемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда:

- Азаматтардың азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

- Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

- Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

- Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

- Кәмелет жасына толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу шаралары қабылданды.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар