Елорда мен 8 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 29 қарашада еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, дүйсенбі күні ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар