Елорда мектептерінің барлық қызметкерінің жалақысын көтеру керек - кәсіподақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елорда мектептері мен балабақшаларында жұмыс істейтін барлық қызметкердің жалақысын көтеру қажет. Мұндай ұсынысты «Әділет» кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы педагогтарының әлеуметтік мәртебесін көтеруді қамтамасыз ету мақсатында келесі мәселелерді талқылауға ұсынамын. Ең алдымен, бізде жыл сайын педагогтардың жалақысы артып келе жатыр. Бірақ, бұл бүкіл Қазақстан бойынша әрі бәріне тиесілі. Бірақ, елордалық педагогтардың жағдайын жақсарта түсу үшін мына жайттарға тоқталғым келеді. Жалақының жыл сайын артуына қарамастан мемлекеттік мекемелердің және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшыларының жалақысы төмен қалып отыр. Олар шаруашылық жүргізу құқығына көшпеген балабақшалар мен мектептер», - деді ол қалалық мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік мекемелердің және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің басшылары 152 мыңнан 184 мың теңгеге дейін ғана жалақы алады.

«Педагогтарымызды қалыпты жұмыс жағдайымен қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарындағы өзге де қызметкерлердің мәселесін қозғағым келеді. Атап айтар болсақ, бас бухгалтер 92 мыңнан 112 мың теңгеге дейін жалақы алады. Экономистердің, іс жүргізушілер мен кітапханашылардың жалақысы 72-85 мың теңге аралығында ғана. Пандемия режимінде педагогтардың жұмыс істеуіне жағдай жасап, екі есе көп жұмыс ісейтін, күн сайын тәуекел аймағында жүретін еден жуушылардың базалық лауазымдық жалақысына 20-30 пайыз үстеме қосылады. Алайда ол не бәрі 2-3 мың теңгені құрайды», - еді Батыр Әлиев.


Соңғы жаңалықтар