+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елорда мектептері үшін 26 мың компьютер сатып алынады

2020 жылғы 23 қазан 15:01
Бөлісіңіз:
Елорда мектептері үшін 26 мың компьютер сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова оқушыларды компьютерлік техникамен қамту жұмыстарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жүз шақты мектепті өзім барып тексердім – Сапарбаев дәретханаларға камера орнату жайлы Елордада лингвистерді даярлау мәселесі талқыланды Атбасарда 140 орындық балабақша пайдалануға берілді – Ақмола облысы

«Барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқыту және кезекші сынып режимінде жұмыстарын жалғастыруда. Үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында мектеп қорынан 9700 компьютерлік техника бөлінді. Жергілікті бюджеттен қосымша 8 мың компьютерлік техника сатып алынды», - деді Шолпан Қадырова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Бұған қоса республикалық бюджеттен 4 млрд 87 млн теңге сомасына 26 472 компьютерлік техника сатып алынуда.

«Қазіргі уақытта оның 6 772-сі жеткізілді. Қалған 19 700 данасы қазан айының соңында жеткізіледі. Ең бастысы – аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балалар, жетім және мүгедек балалар компьютермен қамтамасыз етілді. Осы ретте ата-аналарға айтарым, егер де мектептен берілген компьютерлерде ақау табылса, мектеп әкімшілігіне хабарласып, жөндеп алуға болады», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, оқу жылының басынан бері елордада 18 бала COVID-19 вирусын жұқтырды. Оның 14-і қашықтан оқыған, төртеуі – кезекші сынып оқушылары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT