Елорда маңындағы бірнеше елді мекен табиғи газға көшеді - әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада биылғы жылыту маусымында бірнеше елді мекен табиғи газды пайдаланады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімі өзінің жазбасында елорданың бірқатар елді мекенінде инфрақұрылымды дамыту мәселесі бар екендігін айтады. Интернациональный елді мекенінде бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнатылып, қосымша автобус маршруттары іске қосылады. Қазір магистральды су құбырының құрылысы басталды. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілер үйлерге өткізіледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған.

«Елордада 16 елді мекен бар. Оларды орталықтандырылған дамытудан басқа, ауыз су, кәріз, жарықтандыру, жолдар салу және т.б. мәселелерді шешу қажет. Аудан тұрғындары жарықтандыру, нөсер және шаруашылық кәріздерін жүргізу, интернет, газдандыру, жолдарды, тротуарларды асфальттау және т.б. сияқты инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Бірінші кезекте жұмысты жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобус маршруттарының қосымша санын іске қосудан бастаймыз. Тұрғындарда орталықтандырылған ауыз су берілмегенін ескере отырып, біз магистральды су құбырының құрылысын бастадық. Магистралды су құбыры аяқталғаннан кейін, кварталішілік желілерді үйлерге өткізуге кірісеміз. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдарды асфальттауға кіріспес бұрын, кәріз және газдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Биылғы жылыту маусымында бірқатар елді мекендер газға көшіріле бастайды. Процесс бірнеше кезеңге бөлінген. Тұрғындар көтерген мәселелер жоспарға алынды. Тұрғындармен кездесулерді барлық елді мекендерде өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын қаланы дамыту жоспарына енгіземіз. Тұрғын үй алаптарын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар