Елорда маңындағы 4 елді мекенде дене шынықтыру, сауықтыру кешені салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда маңындағы 4 елді мекенде дене шынықтыру, сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан-жайлы қала» жоспарының тұжырымдамасы аясында дамытудамыз. Аудандарды дамытуды полиорталық тұжырымдамасына көшірдік. Бұл - білім беру, медицина, демалыс орындары және т.б. нысандар тұрғындарға қолсозым жерде болуы үшін жасалды. Елді мекен тұрғындарымен кездесу барысында олар спортпен шұғылдануға, бос уақытын өткізуге арналған орындар салуды сұраған. Осыған қарай биыл Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный елді мекендерінде – ірі дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін саламыз. Кешендерде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс) - полиция бекеттері, пошта бөлімшелері, егде жастағы тұрғындарға арналған клубтар, ХҚКО және т.б. нысандар орналасады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері тегін болады»,-дейді әкім.

Сондай-ақ ол мемлекет басшылығы елді мекендерді дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөліп отырғандығын айтады.

«Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз.
Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын бос, қараусыз қалған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа ошақтар пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз.
Сондай-ақ, көктемнен бастап қаланы көгалдандыру жұмыстары ерекше назарда. Мегаполисте экоаймақтар барынша көп болуы тиіс»,-дейді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар