Елорда колледждерінде қай мамандықтарға тегін оқуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда колледждеріне 40-тан астам мамандық бойынша 4 700 грант бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, 2019 жылы қаладағы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерде күндізгі тегін оқуға 40-тан астам мамандық бойынша 4 700 орынға грант бөлініп, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.

9-11 сынып түлектері, оқуға түспегендер, жұмыс іздеп жүрген адамдар (Жұмыспен қамту орталығының анықтамасы болған жағдайда), өмірдің қиындығына түсіп қалған азаматтар мен аз қамтылған отбасылар мүшелері колледждерде тегін оқу конкурсына қатыса алады.

Қажетті құжаттар қатарында, өтініш, білім туралы құжаттың түпнұсқасы, 3х4 сурет, флюоротаспасымен № 086-у үлгісіндегі медициналық анықтама бар. I-II топ мүгедектері мен бала кезінен мүгедектікке шалдыққандар медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын тапсыру керек. Оқуға түсетін түлектің жеке құжатын ата-анасы немесе заңды өкілі тапсыруы тиіс.

2019 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мамандықтар тізімі:

Қонақ үй шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыру. Аударма ісі (түрлер бойынша). Туризм (салалар бойынша). Дизайн (бағдар бойынша). Тамақтандыруды ұйымдастыру. Ғимараттар мен құрылыстарды салу (су құбыры желілерінің сметасын жасаушы). Ішкі санитарлық-техникалық құрылғаларын, желдету және инженерлік жүйелерді (түрлер бойынша) монтаждау мен пайдалану. Интерьер дизайны, азаматтық ғимараттарды қалпына келтіру, қайтадан салу. Теміржол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы. Тігін өндірісі, киім үлгілерін жасау. Наубайхана, макарон мен кондитер өндірісі.

Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін өндіру технологиясы мен жұмысын ұйымдастыру. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтары. Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Жол қозғалысын ұйымдастыру. Шаштараз өнері мен декоративті косметика. Емдеу ісі. Медбикелік іс. Бастауыш білім.
Мектепалды білім мен оқыту. Дене шынықтыру мен спорт. Негізгі орта білім. Музыкалық білім. Маркетинг. Көтергіш-көліктік, құрылыс, жол салу машиналары мен қондырғыларын техникалық пайдалану (салалар бойынша). Көлікпен тасымалдауды және көлік қозғалысын басқаруды ұйымдастыру. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу. Жол құрылысы машиналарын техникалық пайдалану.
Дәнекерлеу ісі (түрлер бойынша). Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар (түрлер бойынша). Жону (токарлық) іс пен металды өңдеу (түрлер бойынша). Орман шаруашылығы, бау-бақша, саябақ пен ландшафтық құрылыс. Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтылым (түрлер бойынша): бағдарламашы, BIM-менеджер-жобалаушы. Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша), компьютер жүйелерін әзірлеуші мен сарапшы. Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша).
Энергиялық менеджмент. Радиоэлектроника мен байланыс (түрлер бойынша). Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану. Электр стансалары мен желілерінің жабдықтары.
Электрмен қамтамасыз ету, темір жолдарға техникалық қызмет көрсету мен оның электротехникалық жүйелерін жөндеу, оны пайдалану.Жиһаз өндірісі (түрлер бойынша). Газбен қамтамасыз ету қондырғылары мен жүйелерін монтаждау, газды пайдалану. Ет пен ет өнімдерін өндіру.Логистика (салалар бойынша).

Қай мамандықтарға ең көп грант бөлінді?

Ең көп орын «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтылым» мамандығына бөлінді - 200 орын. Одан кейін «Тамақтандыруды ұйымдастыру» - 150 орын; «Дәнекерлеу ісі» және «Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар» - 100 орыннан; «Электрмен қамтамасыз ету, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» - 75; «Тігін өндірісі, киім үлгілерін жасау», «Наубайхана, макарон мен кондитер өндірісі», «Маркетинг», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» - 50 орыннан; «Газбен қамтамасыз ету қондырғылары мен жүйелерін монтаждау, газды пайдалану», «Ет пен ет өнімдерін өндіру», «Шаштараз өнері мен декоративті косметика», «Жону (токарлық) іс пен металды өңдеу» - 25 орыннан бөлінді.

Соңғы жаңалықтар