Елорда халқы ашаршылық құрбандарын еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының монументі» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақты қынадай қырған зұлмат құрбандарын астаналық жұрт Ашаршылық құрбандарының монументі алдында еске алды. Еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін жиналған шараға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.

«Бүгін еліміз үшін қаралы күн. ХХ ғасырда қазақ халқы қанды қырғынға ұшырады. 1916 жылы патша үкіметінің зорлығынан қаншама көтеріліс болды. Сол шайқаста қаазақтың бетке ұстар азаматтары оққа ұшты. Нарынқол мен Шыңғыстау көтерілістері, Адай және Созақ қырғыны, 1928 жылғы кәмпеске, 1931-32 жылдары сталиндік қанқұйлылар қолдан жасаған аштық, 1937 жылғы репрессия, 1941-45 жылғы қан майдан еліміздің демографиясын ойсыратып-ақ кетті. Жарты ғасыр бойы қанымыз бен көз жасымыз өлшеусіз төгілді. Бүгін АЛЖИР-дің басында болдық. Оларды халық жауы деп айыптады. Ал шындығында олар халықтың өзі еді, соларды қырғандар халық жауы болатын. Екінші дүниежүзілік соғыста қырылған боздақтарымыз бен ел ішінде саяси сүргіннен қырылғандардың саны тепе-тең. Сондықтан, бүгін аруақтарды еске алуға келген қарақұрым халыққа рахмет. Бүгінгі күн - бірлік күні. Тәуелсіздік жолында құрбан болған аруақтардың ұрпақтары мәңгі жасай берсін», - деді ақын Несіпбек Айтұлы.

Шараның ресми бөлігі біткен соң шаһар тұрғындары жаппай гүл шоқтарын қойып, ескерткіш алдында тағзым етті.

null null null null null null

Соңғы жаңалықтар