Елорда аумағы 20 жылда үш есеге өсті – Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының көлемі 2000 жылы 300 мың шаршы шақырым болса, қазір үш есеге кеңейіп, 800 мың шаршы шақырымға жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Нұр-Сұлтан қаласының елорда болғанына 22 жыл толады. Қаламызда осыдан 20 жыл бұрын дүниеге жылына 4500 сәби келетін болса, қазіргі уақытта 25 мың сәби дүниеге келеді. Сонымен қатар, жылына 50 мыңдай адам қалаға көшіп келуде. Нұр-Сұлтан қаласының көлемі 2000 жылы 300 мың шаршы шақырым болса, қазір үш есеге кеңейіп, 800 мың шаршы шақырымға жетті», - дейді Алтай Көлгінов.

Ол бұрын елорда шенеуніктер қаласы деп аталса, қазіргі уақытта бизнес қаласына айналып бара жатқанын айтты.

«Бизнес субъектілері қаншалықты көбейгенін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Қазіргі кезде орта және шағын бизнесті дамыту керек екендігі туралы тапсырма берді, бұл экономикамыздың дамуына үлес қосады. Бұрын шенеуніктер қаласы аталған елордамыз бизнес қалаға айналып келе жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар