Елорда әуежайында күшті желге байланысты 6 рейс кешігіп, 5 рейс кейінге қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 6 рейс кешіктіріліп, 5 рейс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұшақтың басқа қалалардан кеш келуіне байланысты 2 рейс кешігуде. Олар - «SCAT» әуе компаниясының 1 рейсі (Мәскеу) және Қостанайдан ұшып келетін «Qazaq Air» әуе компаниясының 1 рейсі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы 4 рейс кешігіп жатыр.

- «Air Astana» әуе компаниясының Омбы қаласына ұшатын 1 рейсі;

- «Qazaq Air» әуе компаниясының Қостанайға ұшатын 1 рейсі;

- «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр және Мәскеу қалаларына ұшатын 2 рейсі.

Сондай-ақ, «LOT Polish» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты бойынша екі рейсі және «Air Astana» әуе компаниясының Алматы, Омбы және Мәскеу қалаларына ұшатын 3 рейсі кейінге шегерілді.

Жолақтағы көрініс - 350 метр, тігінен - 220 метр. Жел екпіні секундына 23 метрге жетті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.


Соңғы жаңалықтар