Елорда әуежайында боранға байланысты бүгін тағы 13 рейс кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боранға байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында бүгін тағы 13 рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қаңтар сағат 11.00-дегі жай-күй бойынша, ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында 19 рейс кешіктірілді. Оның ішінде ұшып кетуі тиіс рейстер саны – 7 (Тараз, Талдықорған, Алматы, Орал, Новосібір және Бейжің қалаларына), ұшып келуі тиіс рейстер саны – 12. Сонымен қатар, 13 рейс тоқтатылды. Оның ішінде ұшып кетуі тиіс рейстердің саны – 6, ұшып келуі тиіс рейстердің саны – 7», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің өкілі Жеңіс Ахметжанов 28 қаңтар бойынша ұшу сапарлары жайлы.

Еске сала кетсек, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында кеше, яғни 27 қаңтарда 50 рейстің орындалмай қалғанын жазған едік. Оның ішінде 11-і – халықаралық бағыттағы рейстер болған.



Соңғы жаңалықтар