+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елорда әуежайы Еуроодақ сертификатын алды

2020 жылғы 24 қараша 08:01
Бөлісіңіз:
Елорда әуежайы Еуроодақ сертификатын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуропалық Одақ елдерінің аумағына авиациялық жүк тасымалдарын жеңілдетілген ұйымдастыру үшін қажетті шарт RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын ресімдеу процесін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы расталған мәртебеге ие Қазақстандағы жалғыз әуежай. Бұл сертификаттың болуы авиакомпанияларға авиациялық қауіпсіздік бөлігінде қандай да бір шектеулерсіз астаналық әуе айлағынан Еуроодақ елдеріне жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.
«Шын мәнінде, алдын ала аудит кезінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы рәсімдерінің сапасы маған қатты әсер етті. Маған әуежайдың барлық қызметкерлері арасында көрінетін «қауіпсіздік мәдениеті» қатты әсер етті», - деді RA-3 сертификаттауын жүргізген ЕО тәуелсіз валидаторы.
Бұл сертификат елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі жүктердің барлық түрі үшін Еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.
«RA-3 сертификациясына жүк терминалы объектілерінің кешенді аудиті, авиациялық қауіпсіздік рәсімдері, персоналды оқытумен байланысты ішкі рәсімдер кірді. Сонымен қатар, жоғары технологиялық жабдықтар мен білікті кадрлардың болуы аудит нәтижелеріне оң әсер еткенін атап өткім келеді. RA-3 мәртебесінің болуы көріністі толығымен өзгертеді: осы сәттен бастап барлық авиатасымалдаушылар ЕО елдеріне жүк тасымалдау құқығын автоматты түрде пайдалана алады. Бұл кез келген (соның ішінде Еуропалық) авиакомпанияларға астаналық әуе қақпалары арқылы операцияларды еркін орындауға мүмкіндік береді», - деді, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT