Елорда әкімі ұзаққа созылған нысанның құрылыс барысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыс нысандары бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертең Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлггінов «Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен танысты .

«Құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтауға мемлекет қаражат бөлді, бірақ ол қаражат қайтарымды. Инвесторлар нысанға кіруі үшін тұрғын үй кешендері рентабельді болуы, қосымша алаңның болуы маңызды. Осы мәселелерді шешу үшін инвесторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету және құрылысты аяқтау үшін донор ретінде қосымша учаскелер бөлеміз. Таңертеңгілік құрылысн нысандарын аралау барысында «Айсанам De Luxe» және «Жеті жол» нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын үйлердің құрылысы 2013-14 жылдары басталды, үлескерлердің жалпы саны 1 мыңнан астам адам. Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бекітілді», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар