Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлескерлер проблемасы өзекті екені белгілі, 15 мың отбасы өзінің баспанасына қол жеткізе алмай жылдар бойы күтті. «Сақалды құрылыс» атанған 150 көпқабатты үй болса, соның 90-ны биыл бітеді. Осы орайда 2019 жылы 13 үй (2,7 мың отбасы) тапсырылса, 2020 жылы 20 тұрғын үй (2,7 мың отбасы) берілді, ал биыл 57 көпқабатты тұрғын үйдегі 7 мыңнан астам отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алады», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, үлестік құрылыста құжатнама, жобалау-сметалық құжат бойынша мәселелер туындап, қаржыландыруда проблемалар, сондай-ақ алаяқтық әрекеттері болды.

«Қаржыландыру қамтамасыз етілді. Бюджет қаражатын қайтаруымыз керек. Тағы 90 млрд теңге жеке инвестиция тарттық», - деді қала әкім.

«Қазір үлескерлер әрбір үй бойынша жұмыстар жүріп жатқанын көріп отыр. Инвестор бар, бюджеттен қаржыландыру ескерілген», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар