Елорда әкімі коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов елорданың төрт ауданындағы коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексеріп, қызметкерлермен әңгімелесті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника мен 3,5 мың қызметкер жұмылдырылады. А. Көлгінов әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп аулаларды тазалау жұмыстарын күшейту қажет. Құм-тұз қоспасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Елорда әкімі қызметкерлерге жағдай жасау керектігін атап өтті. Мәселен, жалақыны уақытылы төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру, техниканы жаңарту.

Қосымша 100-ден астам техника сатып алу жоспарлануда. Арнайы техниканы сатып алу «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының үнемделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

А. Көлгінов қызметкерлерге игі еңбектері үшін алғысын білдірді. Жұмысшылардың күнделікті еңбегі нәтижесінде қаламыз таза әрі жайлы.

Соңғы жаңалықтар