Елорда әкімдігінде бірқатар инвестициялық жобалар қолдау тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Алтай Көлгіновтың басшылығымен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қрағанда, қолдау көрсетілген жобаларды іске асыру бір мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Көтерме-тарату орталығын салу жобасы қолдау тапты. Жоба көкөністерді, жемістерді, етті, балықты, сүт өнімдерін және т.б. сақтау, тасымалдау және сату бойынша қызметтерді орталықтандыруға арналған.

Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті, «Ел басшылығының инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз және инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істейміз, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдаймыз», - деді.

Кеңесте білім беру саласындағы бірқатар жобалар мен автобус паркі құрылысының жобасы қолдау тапты.



Соңғы жаңалықтар