Елімізге бір тәулікте 43 халықаралық әуе рейсі келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Түркия, Египет, Армения, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте 6 338 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 172 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 151 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 269 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына - 4 рейс, 366 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 166 жолаушы;

Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 77 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 137 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар