Еліміздің үш қаласында ауа ластануы ықтимал

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қаңтар күні еліміздің бірқатар қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 19 қаңтар күні Атырау, Қызылорда және Шымкент қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластануы мүмкін.

Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар