Еліміздің төрт өңірінде өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібі 3,2 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеркәсіп бойынша келесідей серпін байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде өсу 3,2 пайыз деңгейінде сақталуда. Бұл ретте кен өндіру өнеркәсібі 3,1 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,4 пайызды құрады. Өңірлердің көбінде өнеркәсіптің өскені байқалады. Ең жоғары өсуді Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары көрсетті. 6 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы», - деді министр.

Оның дерегінше, өңдеу өнеркәсібі 3,2 пайызға өсті.

«Өңірлер бойынша жоғары өсу Қостанай, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар