Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20, 23-28 метрге дейін күшейеді.

7 желтоқсанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20, екпіні 23 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде бұрқасын көтеріледі.

7 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін жетеді.

Осы күні Ақтөбе қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғады.

Соңғы жаңалықтар