Еліміздің оңтүстігінде қар жауып, тұрғын үйлерге жылуды қайта қосуға тура келді-әкім

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстігінде күн күрт суытып, қар жауды. Түркістан қаласында ауа райының салқындап кетуіне байланысты қайта жылуды қосуға тура келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Рашид Аюпов күннің күрт суытуына байланысты көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін орталық жылу қазандығын қайта қостырғанын хабарлады.

«Алдымыздағы бірнеше күн бойы ауа температурасының төмендеуіне байланысты жауапты мамандарға көпқабатты үйлердің жылуын қайта қосуды тапсырдым. Бұған қоса, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмір жеткізілетін болады. Қазіргі уақытта «Отырар» ықшамауданына жылу берілсе, 1 және 2 мөлтекаудандардағы ахаулар ретке келтіріліп, бір-екі сағат ішінде іске қосылмақ»,- деп жазды қала әкімі Facebook -тегі желісіндегі парақшасына.


Осы уақытта күн Шымкент қаласында да суық. Қалада гүлдеп тұрған жеміс ағаштары мен көктемгі гүлдер ақ ұлпаға оранды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» 8 және 9 сәуірде Түркістан облысының кей жерлері мен Шымкент қаласында қатты жауын-шашын болып, соңы қарға ұласатынын хабарлаған еді. Өңірде 9-10 сәуір күндері ауа температурасы түнде 0-2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін делінген болатын.


Соңғы жаңалықтар