Еліміздің бірқатар облыстарында жолдар әлі жабық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің бірқатар облыстарында жолдар жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 8:30 уақытындағы мәліметтер бойынша мына жолдар жабылды:

Ақмола облысы

25.12. 09:30-дан бастап күннің бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытындағы тасжол жабылды (16-200 км, Нұр-сұлтан қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

25.12. 12:50-те қатты боран болып, жол көрінбей қалғандықтан «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» тасжолы (105-123 км, Шемонайха қаласынан РФ шекарасына дейін) жабылды.

Павлодар облысы

25.12. 09:30-дан бастап күннің бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытындағы тасжол жабылды (200-242 км,Ақмола облысы – Шідерті ауылы).

25.12. 1.00-ден бастап «Қызылорда-Павлодар» (1206-1135 км, Шідерті ауылы – Қарағанды облысы шекарасы) тасжолы көліктің барлық түрі үшін жабық.

Соңғы жаңалықтар