Еліміздің батысындағы полигондар снарядтардан тазартылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының саперлері оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен әскери жарылғыш заттардан толық тазарту жұмыстарын жүзеге асыруда, деи хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, полигондарды тазалауға инженерлік бөлімшелер жұмылдырылған. Олар жеке қорғану құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ, жарылғыш заттарды тасымалдайтын арнайы көліктермен қамтамасыз етілген. Іс-шара барысында Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бейнеу», «Есет батыр» және «Қаработан» полигондарының аумағынан 48 мың гектардан астам жер тазартылған.

«Тазарту жұмыстарының басты мақсаты – жарылмаған оқ-дәрілерді жою. Себебі, мұндай оқ-дәрілері істен шыққан. Қауіпсіздік мақсатында барлық жарылғыш заттар детонация әдісімен табылған орнында жойылады», - дейді әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы капитан Нұржан Сапарбеков.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан 100 бозбала оңтүстік өңірге әскерге аттанғанын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар