+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Еліміздің барлық мешітінде Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың рухына Құран хатым бағышталады

2021 жылғы 28 тамыз 14:21
Бөлісіңіз:
Еліміздің барлық мешітінде Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың рухына Құран хатым бағышталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқандардың рухына бағышталып Құран хатым оқылады, деп хабарлай ҚазАқпарат Қазақстан мұсылмандары дініи басқармасына сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.

Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран хатым дұғасы оқылады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды.

Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 12 адам қаза тапқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, барлығы 98 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 37-сі ауруханаға жатқызылып, қалғандары жарақат пункттерінде тиісті көмек алып, үйлеріне жіберілген.

Тараз қаласының стационарларында ем алып жатқан зардап шегушінің бесеуі реанимацияда, екеуінің жағдайы ауыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT