Еліміздің әскери бөлімдерінде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде құрылған 19 сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрғылықты жерлері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс береді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және әскери оқу орындарының курсанттары үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде 19 сайлау учаскесі құрылған болатын.

Заң бойынша бұл учаскелер 1 сағатқа ерте ашылып, тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берген соң жұмыстарын ерте аяқтай алды.


Осы уақытқа дейін барлық 19 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды», - деді министрліктен.

Мәлім етілгендей, бүгін жүздеген әскери қызметші алғаш рет сайлауға қатысқан.

«Бүгін бірінші рет депутаттар сайлауына қатыстым. Сайлауға келу – тек құқығымыз ғана емес, әрбіріміздің міндетіміз. Дауыс беру арқылы біз болашағымызға таңдау жасаймыз», - деді танк бригадасының механик жүргізушісі, қатардағы жауынгер Рүстам Нүркеев.


Соңғы жаңалықтар