Еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері мен ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.

ІІМ автожолдардағы жағдай өте қолайсыз екенін ескертіп және азаматтардан жолға шығудан бас тартуды сұрайды.



Соңғы жаңалықтар