+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 19 мамыр 17:37
Бөлісіңіз:
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 мамыр күні елорда мен Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 мамыр күндізнайзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысыныңкей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында күндізбасым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысады, кей жерлерде 18 м/с күтіледі.

Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 85-90 %.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT