Еліміздің 5 қаласында метеожағдай нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 14 қыркүйекте Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні Қарағанды, Семей, Өскемен, Шымкент және Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі.

Еліміздің қалған шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар