Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, ауа сапасының ластануы Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Орал қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар