Еліміздегі ірі мұнай операторлары бірлескен жол картасын бекітті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ірі мұнай операторлары бірлескен жол картасы бекітті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ірі мұнай операторлары (ТШО, КПО, NCOC) бірлескен жол картасын бекітті. Ол жерде ұлттық стандарттарды бейімдеу мәселесі, тендерлік рәсімдерге қазақстандық өндірушілерді қолдау механизмдерінің ірі операторларын енгізу қарастырылған. Сонымен қатар 2025 жылға дейін жергілікті қамтуды ұлғайту және мұнай-газ жабдықтарының 5 өндірісін оқшаулау шарасы қолға алынады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, елімізге импортталатын 1 мыңнан астам тауарға талдау жасалды.

«Бүгінде мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығының жұмысы басталды. Аталған орталық ірі операторлармен (ТШО, КПО, NCOC) бірлесіп, технологияларды оқшаулауға және трансферттеуге кірісті. Елімізге импортталатын 1 200-ден астам тауарға талдау жүргізілді. Оқшаулау үшін 3 тауар тобы іріктелді (тиек арматурасы, электр техникалық жабдықтар және бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика). Сондай-ақ, орталыққа жыл соңына дейін инвестициялық жобалар мен өндірістерді оқшаулар бойынша ұсыныстар жасау мен отандық өндірушілердің қызметіндегі кедергілерді анықтау міндеттелді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар