Еліміздегі электр желілерінің 50% астамы тозған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр желілерінің 50% астамының тозығы жеткен. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда электр желілерінің тозуы 50-55%-дан асады. Жалпы, электр энергетикасы саласы капиталды көп қажет етеді, оның өтемі мен инвестициялар ұзақ мерзімді болуы керек. Электр өндіретін кәсіпорындар шығаратын өнімнің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі, еркін нарықта сатылмайды. Сондықтан бұл салаға инвесторларды тарту оңай емес», - деді Мұрат Жүребеков Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, спикер электр желілеріне инвестициялар әкелу мүмкіндіктері туралы айтты.

«Егер біз электр энергиясын өндіруді ұлғайтатын болсақ, бізге жаңа желілерді жаңғырту керек және салу қажет болады. Бұл өте қажет. Тиісінше, инвестициялар мен біздің желінің сапасын жақсарту арасында тікелей байланыс бар», - депйді М. Жүребеков.

Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев те энергетикалық секторды дамытуға 205 млрд доллар инвестиция қажет екенін айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар