Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек -Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтыншы мәселе – Ассамблеяның ақпараттық жұмысын тиімді жүргізу. Бұл ретте әрбір аудитория үшін бөлек ұстаным болуы керек. Қзір электронды БАҚ пен әлеуметтік желі ақпарат таратудың маңызды құралына айналды. Өңір басшылары жергілікті ассамблеяның жетекшісі ретінде ақпараттық кеңістікте белсенді болуы қажет»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Ассамблея мүшелері медиа салада, соның ішінде әлеуметтік желіде өз ұстанымын қорғай білуі тиістігін баса айтты.

«Еліміздегі бірлік пен татулыққа қарсы айтылған бірде-бір сөз жауапсыз қалмауы керек. Ассамблея қызметіне байланысты ақпараттық жұмыс нақты келісіліп, әрбір қадам бірыңғай алгоритм бойынша атқарылуы қажет. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс барынша тиімді орындалуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар