+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Еліміздегі 10 өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды -ТЖК

2020 жылғы 20 мамыр 10:15
Бөлісіңіз:
Еліміздегі 10 өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды -ТЖК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет еліміздің 10 өңірінде ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20 мамырда Алматы қаласындағы тау беткейлерінде көшкін жүру қаупі бар.

20 мамырда Ақмола облысында жаңбыр-бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде жаңбыр кейде бұршақ жауады, найзағай ойнап, тұман түседі. желдің екпіні секундына 17-22 метр болады. Өңірдегі тауда көшкін-сел қаупі бар.

20 мамырда Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метр болуы ықмтиал.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.

20 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түседі, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр жетуі мүмкін.

Түркістан облысында дауыл соғады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа райының күрт құбылуын назардан шығармауды сұрайды. Дауылды ескерту туралы хабарламаға құлақ асып, қажетті сақтық жасау керек. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге дейіңн күшейеді. Елді мекендерде қауіпсіздік техникасының басты ережесін ұстану керек. Шағын қалалар мен мегаполистерде дауыл кезінде зардап шегу ықтималдығы жоғары болады. Қатты дауыл соққанда үйдегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс. Толық жабылмаған балкон мен лоджиядан қатты жел кезінде сыртқа үшып кетуі мүмкін барлық затты (құмыра, жәшік, шөлмек және т.б.) алып тастау керек. Тұрғын үй бұрышындағы балкондарда дауыл кезіндегі рамасымен бірге ескі терезесі ұшып кеткен жағдай кездеседі. Көшеде дауыл тұрған кезде жарнама қалқандары (және басқа да аспалы құрылымдар), автобус аялдамасы, электр бағанасы мен желісі, сондай-ақ ағаштардан барынша алыс тұрыңыз. Айналаңызға сақ болыңыз, үстіге құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болуыңыз. Үзілген сымдар мен құлайтын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды. «Қатты жел соқса ол тыйылғанша жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи ықтасынға жасырыну қажет. Үлкен ағаштың, әсіресе теректің астына көлік қоюға болмайды, өйткені ағаш немесе оның ірі бұтағы құлап басып қалуы мүмкін. Шіріген және кәрі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар да өте қауіпті. Үйден шықпаңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар», делінген ескертуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT