Елімізде вакцинациялау қарқыны артты - ДСМ
2022 жылғы 25 қаңтар 09:47

Елімізде вакцинациялау қарқыны артты - ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде вакцинациялау қарқыны артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні КВИ-ге қарсы вакцинаның 1-компонентімен 9,7 млн астам адам егілді, екінші компонентін 9,0 млн астам адам алды. Вакцинациялауға жататын ересек халықтың 80,2 пайызы немесе Қазақстан Республикасы халқының 51,0 пайызы бірінші компонентпен және 76,4 немесе 47,3 пайызы екінші компонентпен қамтылған. Еліміздің екі өңірінде - Маңғыстау және Қостанай облыстарында вакцинациялаумен қамту 60 пайыздан төмен болып отыр», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, вакцинациялауға жататын контингентті - жасөспірімдерді, жүкті және жас аналарды «Pfizer» вакцинасының 1-компонентімен қамту - 28,2, 2-компонентімен вакцинациялауды қамту 15,1 паызды құрады.

«Жалпы вакцинациялау қарқыны қараша айында 7 мың болса, ал қаңтар айында вакцина алған адамдардың саны 30 мыңға дейін өсті. Халықты ревакцинациялау белсенді түрде жалғасуда және қамту 37 пайызды құрады», - деді Ажар Ғиният.


Jańalyqtar

MURAǴAT