Елімізде вакцина алғандарды есепке алатын «Антиковидтік паспорт» әзірленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавируспен күреске цифрлық технологиялар қарқынды енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі індетпен күрес және іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында цифрлық технологиялар қарқынды енгізіледі. Вакцина алған тұлғаларға мониторинг жүргізу және оларды есепке алу үшін «Антиковидтік паспорт» әзірленді. «Ashyq» жобасын маштабтау және қолданыстағы бизнес субъектілерінің жұмысын қамтамасыз ету әрі қызметтің тыйым салынған түрлерін іске қосу үшін оны «Антиковидтік паспортпен» интеграциялау жүргізіледі. Мониторинг топтары жұмысының тиімділігін және ашықтығын арттыру үшін ұялы байланыс операторларының иесіз мәліметтері негізінде «Жылылық картасы» енгізіледі», - деді министр.

Сонымен қатар ол бос емес төсек-орын қорына басымдық бере отырып, елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының қосымша критерийлері әзірленіп, ведомствоаралық комиссияның бекітуіне ұсынылатындығын айтты.

«Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген аталған технологияларды кешенді түрде қолдану эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттырады», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар