Елімізде үш жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бірқатар жолда кейбір учаскелерде көлік қозғалысына шектеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты келесі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды:
1.«Алматы-Өскемен» жолының 971-1068 шақырымы аралығы, Қалбатау-Қасым Қайсенов ауылы.
2. «Семей-Қайнар» жолының 8- 266 шақырымы аралығы, Семей - Қайнар.
3. «Екатеринбург-Алматы» жолының 1291-1426 шақырымы аралығы (Жібек жолы-Теміртау).
Қазіргі уақытта еліміздегі жолдарда 477 техника жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар